Жекпе-жек
Қазақстанда жұмыс істеген Олимпиада чемпионы допинг үшін уақытша шеттетілді
Танымал балуан, кезінде Қазақстанда жаттықтырушылық қызмет атқарған Хаджимурат Гацалов допингке қатысты ережелерді бұзды деген күдікпен жарыстардан уақытша шеттетілді. Бұл туралы Халықаралық допинг-тестілеу агенттігінің (ITA) ресми мәлімдемесінде хабарланды. Шеттету шешімі 2025 жылдың 5 мамырынан бастап күшіне енді.