Хиберниан — Шотландияның Эдинбург қаласындағы Лейт ауданында орналасқан кәсіби футбол клубы. Ол шотланд футболының ең жоғарғы дивизионы — Шотландия Премьершипінде өнер көрсетеді. Клубты 1875 жылғы 6 тамызда Эдинбургтің ирланд қауымының өкілдері, Каугейт ауданында тұратын ирландиялықтар құрған. Атауы Ирландияның латынша ежелгі атауы — Hibernia сөзінен шыққан. Алғашқы президенті клуб негізін қалаушы әке Эдвард Джозеф Хэннан, тұңғыш капитаны Майкл Уэлахан болды. Жасыл түс, кельт арфасы және ирланд тіліндегі Erin go bragh (Ирландия мәңгі жасасын) ұраны ерте кезден-ақ клуб нышандарына айналды. Жанкүйерлер арасында Хиберниан Hibs, the Hibees, the Cabbage, Cabbage and Ribs деген лақап аттармен белгілі.
Дереккөз: Уикипедия (CC BY-SA) · penalty.kz редакциясы қазақ тіліне бейімдеді