ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Қазақстандық теннисші Мадридте чемпион атанды

Жібек Құламбаева жұптық сында Испаниядағы беделді турнирде топ жарды.

Қазақстандық теннисші Мадридте чемпион атанды
Instagram/@kulambaevaa

Испания астанасы Мадридте өткен ITF W100 санатындағы беделді халықаралық турнирде Жібек Құламбаев италиялық серіктесі Николь Фосса Уэрго жеңімпаз атанды. Бұл жарыс — кәсіби теннис әлемінде жоғары деңгейде бағаланатын турнирлердің бірі.

Финалда Қуламбаева мен Фосса Уэрго испаниялық теннисшілер Марина Бассольс пен Андреа Лазаро Гарсияға қарсы шықты. Тартысты өткен үш сеттен тұратын матчта қазақстандық-италиялық жұп 7:6, 6:7, 10:4 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық теннисші Мадридте чемпион атанды

Бұл жеңіс Жібек Қуламбаеваның халықаралық ареналардағы жетістіктерін толықтыра түсті. Ол ел намысын қорғап қана қоймай, Қазақстан теннисінің дамуында маңызды рөл атқарып келеді. Мадридтегі бұл жетістік — оның спорттық жолындағы жаңа белес.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.