Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Сенсация! Александр Бублик әлемнің бесінші ракеткасынан айласын асырды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик "Ролан Гаррос" турнирінің ширек финалына шықты. Бұл – отандасымыздың "Үлкен дулыға" жарыстарындағы осындай алғашқы жетістігі. 

Бублик – Дрейпер: бесінші ракеткамен тартысты шайқас

Әлемдік рейтингте 62-орында тұрған Александр Бублик төртінші кезеңде Ұлыбританияның теннисшісі, әлемнің бесінші ракеткасы Джек Дрейпермен кездесті. Жоғары деңгейдегі матч төрт сетке созылып, 5:7, 6:3, 6:2, 6:4 есебімен Бубликтің пайдасына шешілді.

Екінші матчболда жеңісті нүкте қойғаннан кейін қазақстандық спортшы көз жасына ерік берді. Бұл сәт оның ерік-жігерінің, қажыр-қайратының айғағы іспетті.

Ойын статистикасы: брейк, эйс және эмоция

Матч 2 сағат 34 минутқа созылды. Бублик алты брейк-пойнттың бесеуін мүлтіксіз орындады. Жеті эйс жасап, алты рет қосарлы қателікке жол берді. Бұл көрсеткіштер – оның мықты тактикалық дайындықпен келгенін аңғартады.

Бұған дейін Александр Бублик "Ролан Гаррос" турнирінде екінші айналымнан әрі аса алмаған.

Бублик келесі айналымда әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер (Италия) мен 15-орын иегері Андрей Рублевтің (Ресей) арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір