Қазақстандық теннисші Пәкістандағы жарыстың финалына шықты

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев чех Доминик Паланмен жұптасып, Исламабадта (Пәкістан) өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында финалға шықты.

Қазақстандық теннисші Пәкістандағы жарыстың финалына шықты
Сурет: ашық дереккөздерден

Жартылай финалда Евсеев пен Палан украиналық Никита Белозерцев пен америкалық Престон Браун дуэтімен кездесіп, екі сетте сенімді жеңіске жетті - 6:1, 7:5. Ойын 57 минутқа созылды. Финалда қазақстандық спортшы мен оның серіктесі пәкістандық Музаммил Муртаза - Айсам-уль-Хак Куреши дуэтімен ойнайды.

Айта кетейік, бұған дейін Денис Евсеев жекелей сында да жартылай финалға шыққан болатын: финал жолдамасы үшін ATP рейтингінде 404-орында тұрған қазақстандық теннисші түрік спортшысы Мерт Алкаямен (473-орын) кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір