Юлия Путинцева ірі турнирде финалсыз қалды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық теннисші WTA 500 жарысында жартылай финалға дейін жеткен еді. 

Юлия Путинцева ірі турнирде финалсыз қалды
NUR.KZ

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ-тың Чарльстон қаласында өткен WTA 500 турнирін мерзімінен бұрын аяқтады. Ол жұптық сында италиялық әріптесі Элизабетта Коччиареттомен бірге өнер көрсеткен еді.

Жартылай финалға дейін жетті, бірақ...

Путинцева мен Коччиаретто жартылай финалда америкалық Дезире Кравчик пен Кэти Макнэллиге қарсы шығуы тиіс болатын. Алайда матч басталар алдында қазақстандық-италиялық дуэт турнирден бас тартты.

  • Себеп: Коччиареттоның аяқ жарақаты;
  • Нәтиже: қарсыластар финалға техникалық жеңіспен өтті.

Финалда кім ойнайды?

Осылайша, Кравчик пен Макнэлли финалға жолдама алып, шешуші матчта келесі қарсыластармен кездеседі:

  • Анна Бондарь (Венгрия)
  • Магдалена Френх (Польша)

Юлия Путинцева мен Элизабетта Коччиаретто аталған турнирді сенімді бастап, екі жеңіске қол жеткізді:

  • 1/8 финал:
    Хао-Чин Чань / Фан-сянь У (Тайвань) — 6:3, 6:2

  • Ширек финал:
    Екатерина Горгодзе (Грузия) / Рената Сарасуа (Мексика) — 3:6, 7:5, 10:7