Астанада Зарина Диясты құрметпен шығарып салды (ВИДЕО)
Салтанатты шара елорда төрінде өтті.
Астанада қазақстандық теннистің жарық жұлдызы, ұлттық құрама мүшесі Зарина Диястың кәсіби мансабын аяқтауына арналған салтанатты рәсім өтті.
Билли Джин Кинг кубогы (BJK Cup) аясындағы Қазақстан мен Канада құрамаларының кездесуі кезінде ұйымдастырылған бұл шара спортшының жанкүйерлері мен әріптестері үшін ерекше сәт болды.
Салтанатты шара барысы
Салтанатты шара барысында Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов Заринаға қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып, еліміздің намысын әлемдік аренада абыроймен қорғағаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, Зарина Дияс кішкентай теннисшілер мен жас жанкүйерлер үшін автограф-сессия өткізді.
Зарина өзінің қоштасу сөзінде қолдау көрсеткен барша қазақстандықтарға ризашылығын білдіріп, бұл сәттің өзі үшін өте маңызды екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, 10 сәуір күні Зарина Дияс спорттағы кәсіби мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. .
Танымал спортшының мансабын аяқтауына әлем жұлдыздары да пікір білдірген болатын.