WTA Елена Рыбакинаға рейтингтегі орнын көрсетті

Сарапшы, спорт журналисі

Жаңартылған рейтинг бойынша, қазақстандық теннисшінің 3483 ұпайы бар. 

WTA Елена Рыбакинаға рейтингтегі орнын көрсетті
matchtv.ru

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) чемпиондық жарыстың (Champions Race) жаңартылған рейтингін жариялады. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина турнирлік жарыста жоғары позициясын сақтап, үздіктер қатарында келеді.

Жаңартылған рейтинг бойынша, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 3483 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Бұл көрсеткіш оны маусымдағы ең тұрақты ойыншылардың бірі ретінде көрсетеді.

Ал көш басында 3800 ұпай жинаған Беларусь өкілі Арина Соболенко тұр. Үздік үштікті 2905 ұпаймен америкалық Джессика Пегула түйіндеп отыр.

Рейтингтегі өзгерістер

Жаңа рейтингте бірқатар ойыншы өз позицияларын жақсартты. Ресейлік Мирра Андреева (1868 ұпай) жетінші орынға көтеріліп, америкалық Кори Гауффты (1695) бір саты төмен ығыстырды.

Сонымен қатар, Австрия өкілі Анастасия Потапова үлкен серпіліс жасап, бірден 36 орынға жоғарылады. 592 ұпаймен 30-орынға көтерілді.

Путинцева позициясын жоғалтты

Қазақстанның тағы бір теннисшісі Юлия Путинцева рейтингте бір саты төмен түсіп, 527 ұпаймен 36-орында тұр.