Жібек Құламбаева Румынияда жеңісті сериясын жалғастырып, жартылай финалға шықты

Спорт шолушысы

Қазақстандық теннисші Румынияның Яссы қаласында өтіп жатқан WTA санатындағы турнирдің жұптық сынында жартылай финалға жолдама алды.

Жібек Құламбаева Румынияда жеңісті сериясын жалғастырып, жартылай финалға шықты
ҚТФ

Әлемдік рейтингте 464-орында тұрған Құламбаева бұл жарыста Армения өкілі Алина Чараевамен жұп болып өнер көрсетуде. Ширек финалда аталған дуэт Ресей өкілі Алевтина Ибрагимова мен испаниялық Георгина Гарсия-Переске қарсы ойнап, 6:2, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды. Бұл екі жұп арасындағы кәсіби деңгейдегі алғашқы матч болды.

Жартылай финалдағы қарсылас белгілі

Осы жеңістің нәтижесінде Жібек Құламбаева мен Алина Чараева турнирдің жартылай финалына шықты. Енді олар финал жолдамасы үшін ресейлік Александра Панова мен бельгиялық Магали Кемпен жұбымен кездеседі. Еске салсақ, Яссыдағы WTA турнирінің жүлде қоры 283 мың АҚШ долларын құрайды.