Юлия Путинцева Германиядағы турнирді жеңіспен бастады

Спорт шолушысы

Қазақстандық теннисші Гамбургтегі WTA 250 санатындағы турнирдің екінші айналымына шықты.

Юлия Путинцева Германиядағы турнирді жеңіспен бастады
lastwordonsports.com

Мона Бартельден басым түсті 

Әйелдер арасындағы Қазақстанның екінші ракеткасы саналатын Юлия Путинцева жекелей сындағы алғашқы матчында германиялық Мона Бартельге қарсы ойнады.

Қазір Путинцева WTA рейтингінде 79-орында тұрса, оның қарсыласы әлемдік тізімде 223-сатыға орналасқан.

Екі сағатқа жуық созылған ойын

Кездесу 1 сағат 57 минутқа жалғасты. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:2, 7:6 есебімен жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды.

Матч барысында Юлия Путинцева:

  • екі эйс жасады;
  • төрт рет қос қателік жіберді;
  • өз сервисіндегі төрт геймде жеңілді;
  • қарсыласының добын ойынға қосу мүмкіндігін алты рет бұзды.

Бірінші сетте Путинцева айқын басымдық танытса, екінші партияда жеңімпаз тай-брейкте анықталды.

Осы жеңістен кейін Юлия Путинцева мен Мона Бартель арасындағы жеке кездесулердің жалпы есебі 2:2 болды.

Қазақтандық теннисші Гамбургтегі WTA 250 турнирінің екінші айналымында нидерландылық Аранча Рус пен армениялық Элина Аванесян арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.