Ресейлік үш теннисші US Open турнирінде Өзбекстан намысын қорғайды
Олардың бәрі бұған дейін Ресей атынан халықаралық жарыстарға қатысқан.
Өзбекстан атынан кімдер ойнайды?
АҚШ ашық чемпионаты 23 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте өтеді. US Open турнирінің ресми сайты Өзбекстан атынан сынға түсетін теннисшілердің тізімін жариялады.
Турнирге Өзбекстан атынан мына теннисшілер қатысады:
- Камилла Рахимова — WTA рейтингінде 78-орында;
- Мария Тимофеева — әлемдік рейтингте 84-сатыда;
- Полина Кудерметова — WTA тізімінде 111-орында.
Камилла Рахимова мен Мария Тимофеева жарыстың негізгі торына тікелей жолдама алды. Ал Полина Кудерметова негізгі кезеңге шығу үшін іріктеу матчтарын өткізуі керек.
Бұған дейін Ресей құрамасын таныстырған
Аталған үш теннисші де Ресей теннис мектебінің түлегі саналады. Олар 2026 жылға дейін халықаралық турнирлерде Ресей атынан өнер көрсеткен.
Енді Рахимова, Тимофеева және Кудерметова маусымдағы соңғы Grand Slam бәсекесінде Өзбекстан туы астында кортқа шығады. Айта кту керек, Уимблдондағы бәсекеде де аталған үш теннисші өнер көрсеткен.