Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жолдас Жеңісов Сауд Арабиясында қарсыласын бруталды нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
17.04.2025, 21:04

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жолдас Жеңісов (9-0, 4 KO) Сауд Арабиясында өткен жартылай жеңіл салмақтағы WBC және Турки әл-Шейх ұйымдастырған Гран-при турнирінде керемет өнер көрсетті. Алғашқы кезеңде ол Испаниядан келген жеңіліп көрмеген Эльязид Эззайданиді (6-1, 4 KO) рингте бруталды тәсілмен тоқтатты.

RunaSport
RunaSport

1/16 финал аясында өткен бұл жекпе-жек алты раундқа жоспарланғанымен, екінші раундта-ақ аяқталды. Жеңісов қарсыласын қуатты оң жақ хукпен нокаутқа жіберіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бұл сәттің бейнежазбасын төменнен көруге болады.

Бұл Жолдас Жеңісов үшін кәсіби мансабындағы тоғызыншы жеңіс. Ал Эльязид Эззайдани үшін бұл – карьерасындағы алғашқы жеңіліс. Жеңіс арқылы Жеңісов турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды.

Жолдас Жеңісов (9-0, 4 КО) енді өзбек боксшысы Аюбхон Бахтиоровпен (7-0-0, 5 КО) жұдырықтасады. Бахтиоров өз кезегінде франциялық Джамал Хаджабаны (8-1, 3 КО) алтыншы раундта нокаутпен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алған.

Жартылай жеңіл салмақта тағы бір қазақстандық – Александр Ковригин (8–0, 6 КО) да жарысқа қатысады. Басқа салмақ дәрежелерінде де елімізден мықты боксшылар бақ сынайды:

Бірінші жартылай орта салмақ:

  • Санатәлі Төлтаев (2-0, 1 КО)
  • Нұржан Серікбаев (5-0-0, 5 КО)

Орта салмақ:

  • Елхан Табынбаев (8–1, 6 КО)

Гран-при форматы мен ерекшеліктері

Бұл – әлемнің 41 елінен 128 жас боксшы қатысатын ерекше турнир. Барлық жекпе-жект нокаут жүйесімен өтеді – тең есеп болмайды. Жасы 26-дан аспаған, кәсіпқой рингте 10 жекпе-жекке дейін ғана өткізген боксшылар қатыса алады.

Финалға дейін жеткен және жеңіске жеткен әр боксшы Хосе Сулейман атындағы эксклюзивті кубокпен марапатталады. Сонымен қатар ірі промоутерлік компаниялармен келісімшартқа отыру мүмкіндігі беріледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір