
Өзбекстан атынан шығатын этникалық қазақ Мадияр Саидрахимов (1-0, 1 KO) кәсіби мансабындағы екінші жекпе-жегінде жеңіс тойлады.
Ол Ресейдің Челябі қаласында өткен IBA PRO 2 турнирінде шаршы алаңға шығып, осы уақытқа дейін жеңілмеген ресейлік Андрей Стоцкиймен (5-0-1, 3 KO) кездесті. 90,7 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жек алты раундқа жоспарланған. Бірақ шайқас соңына дейін созылмай, алтыншы раундта Саидрахимов техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Бұл жеңіспен Мадияр Саидрахимов кәсіби рингтегі екінші қатарынан жеңісіне қол жеткізді. Ал Андрей Стоцкий өз мансабында тұңғыш рет жеңіліс тапты.
Жекпе-жектің әсерлі сәттерін төмендегі видеодан тамашалауға болады.