
Біріккен күрес әлемі (UWW) үздік балуандардың жаңартылған рейтингін жариялады. Әр салмақ пен күрес түрі бойынша жасалған рейтингке сарапшылар биылғы басты турнирлер мен нәтижелерді негізге алды.
Еркін күресте 97 келі салмақ дәрежесінде күтпеген өзгеріс тіркелді. Бұл санатта Грузиядан Гиви Матчарашвили көш бастаса, олимпиада чемпионы Ахмед Тажудинов (Бахрейн) екінші орынға тұрақтады.
Қазақстандық балуандар бұл салмақта ТОП-10 қатарына енген жоқ. Бұған себеп:
Жағымды жаңалық — Қытай атынан сынға түсетін этникалық қазақ Әбусайман Хабила әлемнің үздік ондығына енді. Ол 97 келі салмақта ТОП-10-ды түйіндеді.