Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Күрескен жоқ, сүрінді: Данияр Қайсанов сенсация тіркеді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
24.05.2025, 15:22

Астанада еркін күрестен Қазақстан Кубогының алғашқы күнінде күтпеген сенсация болды. 

olympic.kz
olympic.kz

Қайсанов жарысты алғашқы айналымда аяқтады

Елордадағы Qazaqstan аренасында өтіп жатқан еркін күрес бәсекесінде ел спорт жанкүйерлері есеңгіреп қалды. Қазақстан құрамасының тәжірибелі мүшесі, бірнеше мәрте Азия чемпионы атанған Данияр Қайсанов бірінші белдесуде жеңіліп, жарысты ерте аяқтады.

Ол өзінің жаңа салмағы – 86 келіде ақтөбелік Бибарыс Нұрылаұлына жол берді. Жеңімпаздың есімі көпшілікке беймәлім, ірі халықаралық жетістіктері жоқ. Бұл нәтиже жанкүйерлер үшін үлкен тосынсый болды.

Қайсанов дағдарыста ма?

Бұл жеңіліс кездейсоқ па, әлде спортшының карьерасындағы құлдыраудың көрінісі ме?

Айта кетейік, Қайсановтың бұған дейінгі жарысы – Албания астанасы Тиранада өткен Мұхамет Малоны еске алуға арналған халықаралық турнир еді. Ол жақта да ол жарысты ерте аяқтаған: отандасы Болат Сақаевқа есе жіберді. 

Осы екі жеңіліс қатарынан Қайсановтың спорттық формасының төмендегенін көрсетіп тұрғандай. Сарапшылар арасында оның карьерасын аяқтайтын сәт келген шығар деген пікірлер айтыла бастады.

Данияр Қайсанов туралы деректер

  • Туған күні: 1993 жылғы 18 шілде
  • Туған жері: Семей қаласы

Спорттық атақтары: ҚР спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Олимпиада қатысушысы: 2021 жылы – 74 кг, 5-орын

Маңызды жетістіктері:

  • Д. Қонаевты еске алуға арналған турнирдің финалисі (2014, 70 кг)
  • Азия чемпионатының қола жүлдегері (2018, 74 кг)
  • Азия ойындарының финалисі (2018, 74 кг)
  • Екі дүркін Азия чемпионы (2019, 2020 – 74 кг)
  • Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2019, 74 кг)
  • Қонаев турнирінің қола жүлдегері (2022, 74 кг)
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір