
Ақтөбедегі кәсіби бокс кешінде екі бірдей титулдық жекпе-жек өтті.
Жергілікті боксшы, жеңіл салмақта өнер көрсететін Нұртас Әжбенов (16-1, 6 КО) жерлесі Заманбек Данабековты (4-2, 2 КО) екінші раундта нокаутпен жеңіп, Қазақстанның кәсіби бокс комиссиясы бекіткен чемпиондық белбеуді иеленді.
Бұл айқас Әжбеновтің мансабындағы маңызды жеңістердің бірі ретінде бағалануда. Боксшының техникалық шеберлігі мен шабуылы жанкүйерлер мен мамандар тарапынан оң бағаланды.
2023 жылдан бері кәсіби рингке шықпаған Айдос Медет (13-0, 9 КО) өзінің оралуын сенімді түрде дәлеледі. Ол үшінші раундта Канағат Манатұлыны (6-2, 4 КО) мерзімінен бұрын тоқтатып, екінші жеңіл салмақ дәрежесінде чемпион атанды.
Медеттің бұл жекпе-жегі оның жеңілмеген мәртебесін сақтап, алдағы уақытта халықаралық деңгейдегі қарсыластармен кездесуге жол ашуы мүмкін екенін көрсетті.
Айта кету керек, бұл кеш жанкүйерлердің қатысуынсыз өтті. Ұйымдастырушылар тарапынан себептер нақты айтылмағанымен, бұл шешімнің қауіпсіздік немесе логистикалық факторларға байланысты болуы мүмкін.