ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Қазақстандық бокс жұлдызы мексикалықты сабау мақсатымен Испанияға жетті (ВИДЕО)

Кәсіпқой боксшы Руслан Мәдиев мансабын қайта жандандырып, Барселонаға келіп жетті. Ол 7 маусым күні ол мексикалық Хорхе Батальямен жұдырықтасады.

Қазақстандық бокс жұлдызы мексикалықты сабау мақсатымен Испанияға жетті (ВИДЕО)
vesti.kz

Кезекті айқас – кезекті сынақ

Жекпе-жек бірінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді (63,5 кг). Бұл Руслан үшін мансабын жаңартқаннан бергі үшінші кездесу болмақ.

Бұған дейін ол:

  • Алматыда ресейлік Тигран Согоянды,
  • Бангкокта филиппиндік Али Канеганы жеңіп, мықтылығын дәлелдеген еді.

Irfin Promotions жанкүйерлерді тікелей эфирге шақырады

Боксшының промоутерлік компаниясы Irfin Promotions Instagram парақшасында арнайы видео жариялап, Русланның Испанияға келген сәтін көрсетті.

“Руслан Мәдиев пен Irfin Team Испанияда! Енді тек салмақты туралап, рингке шығу қалды. 6 маусым – мэйн-ивент. Жекпе-жекті біздің Instagram парақшамыздан тікелей эфирде көре аласыздар. Бізбен бірге болыңыздар!” – делінген хабарламада.

Анықтама үшін:

  • Өтетін орны: Испания, Барселона
  • Қарсылас: Хорхе Баталья (Мексика)
  • Салмақ дәрежесі: 63,5 кг (Super lightweight)
  • Күні мен уақыты: 2025 жылғы 6 маусым
  • Тікелей эфир: Irfin Promotions Instagram парақшасында
Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.