ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Қазақстандық қос боксшы жаттығуға қайта кірісті. Алда не күтіп тұр? (ВИДЕО)

Таиландтағы күтпеген нәтижемен аяқталған титулды жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшылар Елшат Нығметолла мен Армат Арманұлы алдағы жоспарларын нақтылай бастады.

Қазақстандық қос боксшы жаттығуға қайта кірісті. Алда не күтіп тұр? (ВИДЕО)
sportnews.kz

Irfin Promotions алдағы жекпе-жектерді жариялады

Қазақстандық Irfin Promotions промоутерлік компаниясы Елшат Нығметолла (21-0-2, 8 КО) мен Армат Арманұлының (3-1, 2 КО) болашақ жоспарлары туралы ақпаратты жариялады. Екі боксшы да мамыр айының басында өткен жекпе-жектерінен кейін жаттығу процесін қайта бастап кетті.

Арматтың келесі жекпе-жегі нақты белгілі

Армат Арманұлының келесі қарсыласы, жекпе-жек күні мен өтетін орны расталды. Ресми хабарлама жақын күндері жарияланбақ.

Елшат Қытайда жұдырықтасуы мүмкін

WBA Asia титулының иегері, "Қазақ жауынгері" Елшат Нығметолла Қытайда жекпе-жек өткізуі мүмкін. Қазір бұл бағытта келіссөздер жүріп жатыр.

Соңғы жекпе-жектер: күтпеген нәтиже мен сенімді жеңіс

3 мамыр күні Таиланд астанасы Бангкокта өткен бокс кешінде Елшат Нығметолла намибиялық Филемон Нгутенаньемен (12-0-2, 4 КО) тең түсіп, WBA Asia титулын сәтті қорғады. Бұл жекпе-жектің нәтижесі мамандар үшін күтпеген болды.

Ал Армат Арманұлы үндістандық Рахул Сингхті (10-2, 5 КО) екінші раундта нокаутпен жеңіп шықты.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.