Нидерландыдағы бокс турнирі: Қазақстан атынан финалда кімдер сынға түседі?
Нидерландының Эйндховен қаласында өтіп жатқан беделді Eindhoven Box Cup халықаралық турнирі мәресіне жетіп қалды. 9 маусым күні финалдық жекпе-жектер өтеді.
sputnik.kz
Бес отандасымыз шешуші жекпе-жекке шығады
Қазақстан құрамасының атынан бес боксшы чемпиондық атақ үшін жұдырықтасады. Олардың қарсыластары — әлем аренасындағы мықты спортшылар.
- 50 кг: Даниял Сәбит — Алдархишиг Батулга (Моңғолия)
- 70 кг: Абылайхан Жүсіпов — Асадхуджа Муйдинхуджаев (Өзбекстан)
- 80 кг: Ерасыл Жақпеков — Артур Касьянов (Украина)
- 85 кг: Дәулет Төлемісов — Микола Лактионов (Украина)
- +90 кг: Нұрлан Сапарбай — Денис Охьо (Германия)
Чемпиондық белбеу үшін өтетін жекпе-жектер Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.
Кеше Қазақстан құрамасының үш өкілі қола жүлде жеңіп алды
8 маусым күні жартылай финал нәтижесінде келесі боксшыларымыз қола жүлдеге ие болды:
- Ертуған Зейноллинов (65 кг)
- Сабыржан Аққалықов (75 кг)
- Сағындық Тоғамбай (90 кг)
Олардың бәрі жартылай финалда ұпай санымен жеңілді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet