Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Абылайхан Жүсіпов өзбекстандық Олимпиада чемпионын жерге қаратты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
09.06.2025, 22:30

Қазақ боксшысы Абылайхан Жүсіпов Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінде  алтын медаль жеңіп алды. 

фото ашық дереккөздерден алынды
фото ашық дереккөздерден алынды

Олимпиада чемпионымен жекпе-жек

70 келі салмақ дәрежесінде өткен шешуші айқаста Абылайхан Өзбекстан құрамасының басты жұлдызы — 2024 жылғы Олимпиада чемпионы және 2023 жылғы әлем чемпионы Асадхуджа Муйдинхуджаевпен рингке шықты.

Жекпе-жек тартысты басталғанымен екінші раундта Жүсіповтің қасы жарылып, кездесу тоқтатылды. Дегенмен төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіс қазақстандық спортшының еншісіне бұйырды.

Осылайша Абылайхан Жүсіпов Eindhoven Box Cup турнирінің алтын жүлдесіне ие болды. Ал қарсыласы Асадхуджа Муйдинхуджаев — күміс медальмен шектелді.

Жүсіповтің жетістіктері

Абылайхан Жүсіпов — әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері, сондай-ақ Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Бұл жолғы жеңіс оның халықаралық ареналардағы тәжірибесі мен шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 17
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір