Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Карлос, мен сенің қорқынышты түсіңмін!" — Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын ашық айыптады

Сарапшы, спорт журналисі

Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Доминикан Республикасынан шыққан WBC белбеуінің иегері Карлос Адамеске кезекті рет үндеу жолдады. Қазақстандық мықтының айтуынша, қарсыласы жекпе-жектен қашып жүр.

"Карлос, мен сенің қорқынышты түсіңмін!" — Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын ашық айыптады
sport.orda.kz

Жәнібек X парақшасында не жазды?

"Карлосты көргендер бар ма? Ол жоғалып кетті. Егер оны көрсеңіздер, айтыңыздаршы — келісімшартқа қол қойсын!

Карлос, мен сенің қорқынышты түсіңмін!

Ол күйзеліске түскен! Шешім таба алмай жүр! Ол үндемейді. Өйткені өзі де, менеджері де келісімшарттың алдында тұрғанын жақсы біледі!" — деп жазды Әлімханұлы X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде.

Бұған дейін не болды?

Бұған дейін Жәнібек Карлос Адаместі "қорқақ" және "үрейленген қоян" деп атаған болатын. Себеп — Адаместің чемпиондық белбеулерді біріктіруге арналған жекпе-жекке келісім бермеуі.

Карлос Адамес. ФОТО: RingSide24

Қазақстандық жанкүйерлер көптен күткен WBO + IBF vs WBC біріккен титул үшін жекпе-жек әзірге белгісіз себептермен кейінге қалдырылып отыр.

Жекпе-жек өтсе, кім фаворит?

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингте әлі жеңілмеген. Оның техникасы мен панчерлік қабілеті халықаралық деңгейде жоғары бағалануда. Адамес те мықты қарсылас, бірақ жанкүйерлер мен сарапшылар бұл жекпе-жекте Жәнібекті фаворит санайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір