Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

UFC аңызы октагонға оралады

Редактор Penalty.kz
11.07.2025, 22:12

Дональд Трамптың Ақ үйде UFC турнирін өткізу туралы мәлімдемесі әйгілі файтерге ерекше мотивация берді.

rsport.ria.ru
rsport.ria.ru

АҚШ-тың аты аңызға айналған UFC жұлдызы Джон Джонс мансабын жалғастыратынын ресми түрде хабарлады. Бұл шешімге Дональд Трамптың тосын мәлімдемесі себеп болған. 

АҚШ президенті Дональд Трамп 4 шілде күні UFC турнирлерінің бірін Ақ үйде өткізуге болатынын айтып, спорт әлемін бір шулатты. Дәл осы сөздер Джон Джонстың жүрегіне от беріп, ол бірден UFC басшылығына хабарласқанын айтты.

«Трамп 4 шілде күні таңертең мәлімдеме жасады. Сол күні-ақ UFC-ге қоңырау шалдым. Америка! Осы сөздер мені оятты», – деп жазды Джонс әлеуметтік желіде.

UFC басшысы растады

UFC президенті Дана Уайт бұл жаңалықты растады. Ол Full Send Podcast эфирінде Джон Джонстың қайтадан допингтік тестілеу пулына енгенін мәлімдеді.

«Иә, ол қайта тестілеу жүйесіне қосылды. Бұл ресми», – деді Дана Уайт.

Джонс кім?

37 жастағы Джон Джонс ауыр салмақтағы UFC чемпионы ретінде бірнеше мәрте әлемнің үздігі атанған. Алайда соңғы уақытта жарақаттар мен басқа да себептерге байланысты октагоннан алыстап кеткен еді. Оның белбеуі Том Аспиналға өткен болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір