Қазақ боксшысы "Канело" – Кроуфорд жекпе-жегінің андеркартында шығады

Сарапшы, спорт журналисі

Бек Нұрмағанбет Лас-Вегаста өтетін маусымның басты бокс кешінде рингке көтеріледі.

Қазақ боксшысы "Канело" – Кроуфорд жекпе-жегінің андеркартында шығады
instagram/@kazproboxing

Нұрмағанбет – суперорта салмақтағы үміт

Сауль “Канело” Альварестің командасында жаттығатын Бек Нұрмағанбет алдағы 13 қыркүйекте Лас-Вегаста жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы әзірге белгілі емес. Ал сол кештің басты оқиғасында “Канело” мен Терренс Кроуфорд шаршы алаңда жолығады.

Жаңа рекордқа бір қадам

Қазақстандық боксшының кәсіби рекорды: 14 жеңіс (оның 12-сі нокаутпен), жеңіліс жоқ. Соңғы рет ол биыл мамырда АҚШ-та жұдырықтасып, бірінші раундта коста-рикалық Энкарнасио Диасты мерзімінен бұрын жеңген.

“Канелоның” андеркартындағы екінші мүмкіндік

Бек Нұрмағанбет бұған дейін де “Канелоның” андеркартында жұдырықтасқан. Ол кезде мексикалық жұлдыз америкалық Эдгар Берлангаға қарсы чемпиондық белбеулерін қорғаған еді.

Бұл жолы қазақстандық боксшыға ел атынан тағы бір жерлесіміз – Иван Дычко да серік болмақ. Ол ауыр салмақта америкалық Джермейн Франклин-кішіге қарсы шығады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір