Қанат Сәңгіл «фантомды» нокаутпен жеңіске жетті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Сәңгіл (7-0, 3 КО) Алматыдағв бокс кешінде сегізінші жеңісіне жетті. 

Қанат Сәңгіл «фантомды» нокаутпен жеңіске жетті (ВИДЕО)
instagram/@kanatsangil

Бірінші раундтағы күтпеген нокаут

Саңғылдың қарсыласы үндістандық Харджот Сингх (11-1-1, 11 КО) болды. Жартылай жеңіл салмақта жоспарланған алты раундтық айқас бірінші раундтан әрі аспады.

Раундтың соңына қарай қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға жіберді. Ерекшелігі — соққы тым қатты да, акцентті де болмағанына қарамастан Сингх рингтің арғы бұрышына ұшып кетті. Рефери үнді боксшыға есеп ашып, көп ұзамай кездесуді тоқтатты.

Жеке көрсеткіштер

Осылайша Қанат Сәңгіл кәсіпқой бокстағы сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, жеңіліссіз сериясын жалғастырды. Ал Харджот Сингх өз мансабында екінші рет тізе бүкті.

Жекпе-жектің бейнежазбасын төменнен көруге болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір