Қуат Хамитов тағы да жекпе-жексіз қалды
Қазақ жанкүйерлері күткен Қуат «Найман» Хамитовтың (26-8-2) жекпе-жегі тағы да өтпейтін болды. Қазақстандық файтер 14 қыркүйекке жоспарланған АСА 192 турнирінде ресейлік қарсыласы Анатолий Бойкомен (12-4) кездесуі тиіс еді. Алайда жарақатқа байланысты бұл айқас кейінге шегерілді.
Жекпе-жек қашан өтеді?
Ұйымдастырушылардың шешімі бойынша кездесу енді 18 қазанда Дубайда (БАӘ) өтетін АСА 194 турнирінде ұйымдастырылады.
Бұған дейін де кейінге қалған жекпе-жектер
Айта кетейік, Қуат Хамитов бұған дейін де осындай жағдайға тап болған. Оның ресейлік Мариф Пираевпен (34-5-1) айқасы екі мәрте өтпей қалған еді:
- алғашында 2024 жылдың желтоқсан айында бокс ережесі бойынша жекпе-жек жоспарланған;
- кейін 2025 жылдың ақпан айына белгіленген шайқас та болмай қалды.
Осылайша Хамитовтың жанкүйерлері оның октагонға оралуын тағы бір айға ұзақ күтуге мәжбүр.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.