Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

World Boxing қазақ дербиіне баға берді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 13:00

Ливерпульдегі әлем чемпионатында отандасымыз Нұрбек Оралбай этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатханмен айқасып, сенімді жеңіске жетті. 

olympic.kz
olympic.kz

Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Нұрбек Оралбай 1/8 финалда этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатханды айқын жеңіп, ширек финалға жолдама алды. World Boxing ресми сайты бұл жекпе-жекті ерекше атап өтті.

80 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрбек Оралбай алғашқы екі раундта жоғары қарқын көрсетіп, қарсыласын қыспаққа алды. Соңғы раундта сәл бәсеңдегенімен, сенімді жеңісті уысынан шығарған жоқ.

Төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен қазақстандық былғары қолғап шеберінің жеңісін тіркеді. Осылайша, Оралбай турнирдің келесі кезеңіне өтті.

World Boxing ресми пікірі

Әлем чемпионатының ресми сайты қазақстандық боксшының өнерін былай бағалады:

«Қиын қарсыласқа тап болғанына қарамастан Нұрбек Оралбай алғашқы екі раундта белсенді өнер көрсетті. Үшінші раундта қарқынын азайтса да, жеңісті сенімді түрде сақтап қалды. 5:0 – бұл оның артықшылығының айқын дәлелі».

Алдағы кезеңде Оралбай Өзбекстан боксшысы Джавахир Умматалиевпен ширек финалда кездеседі.

Қазақ дербиі

Бұл жекпе-жек қазақ жанкүйерлеріне ерекше әсер қалдырды. Бірі Қазақстан намысын қорғап шықса, екіншісі Қытайдың атынан сынға түсті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір