ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Қазақ алыбы қарсыласын ойсырата жеңіп, медаль еншіледі

Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Айбек Оралбай әлем чемпионатының (World Boxing) ширек финалында айқын жеңіске жетті.

Қазақ алыбы қарсыласын ойсырата жеңіп, медаль еншіледі
Instagram/@boxingkazakhstan

Айбек Оралбай жартылай финалға шықты

Айбек Ливерпульдегі додада хорватиялық Лука Пратлячичті қазылар шешімімен 3:0 есебімен тізе бүктірді. Бұл жетістік Оралбайды әлем чемпионатының жартылай финалына шығарды. Енді ол кемінде қола жүлдені қалтаға басты. 

Айбек Оралбайдың жетістіктері

  • Азияның екі дүркін чемпионы (2022, 2024)
  • Халықаралық ареналарда тұрақты түрде үздік нәтиже көрсетіп келе жатқан мықты боксшы

Тарихи дода

Айта кетейік, Ливерпульдегі бұл жарыс – World Boxing ұйымы өткізген алғашқы ересектер арасындағы әлем чемпионаты. Сондықтан Оралбайдың жартылай финалға шығуы Қазақстан спорты үшін тарихи белес болып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.