Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Бір қадам қалды: Қазақ боксшылары жартылай финалда кімдермен айқасады?

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:58

Сегіз бірдей боксшымыз "алтынға" тағы бір қадам жақындай түсті. 

Liter.kz
Liter.kz

Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан сегіз бірдей боксшы жартылай финалға шықты. Енді олар финалға жолдама үшін шаршы алаңға шығады.

Жартылай финалдың кестесі (Астана уақыты бойынша)

12 қыркүйек

  • 19:00 | Әйелдер, 60 кг: Виктория Графеева – Ребека де Лима Сантос (Бразилия)
  • 22:30 | Әйелдер, 65 кг: Аида Әбікеева – Грэйнн Мэри Уолш (Ирландия)
  • 23:15 | Әйелдер, +80 кг: Елдана Тәліпова – Агата Качмарска (Польша)
  • 01:15 | Ерлер, +90 кг: Айбек Оралбай – Хулио Сезар ла Крус (Куба)

13 қыркүйек

  • 18:00 | Ерлер, 55 кг: Махмұд Сабырхан – Лю Чуан (Қытай)
  • 22:15 | Әйелдер, 51 кг: Алуа Балқыбекова – Ци Синью (Қытай)
  • 22:45 | Ерлер, 70 кг: Төрехан Сабырхан – Одель Камара (Англия)
  • 23:15 | Әйелдер, 70 кг: Наталья Богданова – Шантель Рид (Англия)

Қазақ боксшыларының жетістігі

Қазақстандықтар үшін бұл чемпионат тарихи сәтке айналуда. Сегіз бірдей жартылай финалист – ел боксының жаңа буынының әлеуетін көрсетіп отыр. Әсіресе, Махмұд пен Төрехан Сабырхан, Айбек Оралбай мен Алуа Балқыбекованың айқастары жанкүйерлердің ерекше назарында.

Сонымен қатар, тағы екі қазақстандық – Назым Қызайбай (48 кг) мен Санжар Тәшкенбай (50 кг) – 12 қыркүйек күні ширек финалда өнер көрсетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 5
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір