
Жартылай ауыр салмақта (79 кг) жаңа үлкен айқас ұйымдастырылып жатыр. The Ring Magazine дерегінше, WBO уақытша чемпионы Каллум Смит келесі жылы Дэвид Моррельге қарсы чемпиондық белбеуін қорғайды.
Британиялық Каллум Смит ақпан айында Эр-Риядта өткен турнирде Джошуа Буасимен айқасып, төрешілер шешімімен жеңіп, WBO уақытша титулын иеленген.
Ал кубалық Дэвид Моррель бұған дейін Дэвид Бенавидестен жеңілген. Содан кейін Имам Хатаевты бөлек шешіммен ұтып, өз карьерасын қайта жандaндырған.
Моррель есімі қазақстандық көрермендерге жақсы таныс. 2022 жылы ол Айдос Ербосынұлымен кездесіп, сол жекпе-жекте қазақстандық боксшыны ауыр нокаутпен жеңген еді.
Сол соққыдан кейін Айдос комаға түсіп, ұзақ уақыт ем қабылдады. Осы оқиғадан бері Ербосынұлы рингке қайта шыққан жоқ.