Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Асу Алмабаев UFC тарихындағы алғашқы Катар турнирінде жекпе-жек өткізеді

Сарапшы, спорт журналисі

UFC ресми түрде қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың келесі қарсыласын жариялады. Ол 22 қараша күні Дохада өтетін алғашқы Катар турнирінде америкалық Алекс Перезбен кездеседі.

Асу Алмабаев UFC тарихындағы алғашқы Катар турнирінде жекпе-жек өткізеді
Асу Алмабаев. Фото: Getty Images

UFC ресми түрде қазақстандық ММА жауынгері Асу Алмабаевтың (21-3) келесі жекпе-жегін жариялады.

Америкалық промоушеннің баспасөз қызметі Алмабаевтың бұрынғы титул үміткері америкалық Алекс Перезке (25-9) қарсы шығатынын хабарлады. Бұл жекпе-жек ең жеңіл салмақта 22 қараша күні Дохада өтеді — ол UFC тарихындағы Катарда ұйымдастырылатын алғашқы турнир болмақ.

Асу Алмабаев соңғы рет 27 шілдеде Әбу-Дабиде өткен UFC on ABC 9 турнирінде перулік Хосе Очоаны төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп шыққан еді.

Алекс Перес 2017 жылдан бері UFC-де өнер көрсетіп келеді. 2020 жылдың қарашасында ол бразилиялық Дейвесон Фигередомен чемпиондық белбеу үшін айқасқанымен, бірінші раундта гильотина әдісімен жеңіліп қалған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір