Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен UFC Fight Night 261 турнирінің басты жекпе-жегі ерте аяқталды.
Октагонда жеңіл салмақтағы (70 кг) бұрынғы чемпион, жергілікті фаворит Чарльз Оливейра мен Польшаның үздік файтерлерінің бірі Матеуш Гамрот күш сынасты.
Көрермендер асыға күткен бұл айқас екінші раундта Оливейраның тұншықтыру әдісімен жеңісімен аяқталды.
Осылайша 35 жастағы бразилиялық файтер өз кәсіби көрсеткішін 36 жеңіс және 11 жеңіліске дейін жеткізді.
Ал 34 жастағы Гамроттың рекорды — 25 жеңіс пен 4 жеңіліс.
Оливейра бұған дейін 2025 жылдың шілдесінде өткен UFC 317 турнирінде грузин Илия Топуриядан нокаутпен ұтылған еді.
Гамрот биылғы мамырда өткен UFC on ESPN 68 шоуында словак Людовит Клейнді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген.
Бастапқыда Оливейраның қарсыласы ретінде Рафаэль Физиев жоспарланған. Алайда әзербайжандық файтер аяқ жарақатына байланысты турнирге қатысудан бас тартты.