
АҚШ-тың Филадельфия қаласындағы Wells Fargo Center аренасында WBA тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы (69,9 кг дейін) уақытша чемпиондық белбеу иегері анықталды.
Рингке жергілікті фаворит, америкалық Джарон Эннис (35-0, 31 КО) пен Анголадан келген Уисма Лима (14-2, 10 КО) шықты.
Жекпе-жек басталған сәттен-ақ Эннис қарсыласының тактикасына тез бейімделді.
Солақай Лимадан белсенді қимыл күткен америкалық боксшы кросс соққылармен қарсы шабуылдауға дайындалған еді.
Бірнеше дәл соққыдан кейін Эннис солақай позицияға ауысып, агрессияны арттырды. Дәл тиген оң жақ апперкоттан кейін Лима теңселіп, қарсы шабуылға төтеп бере алмады.
Эннис сериялы бүйірлік соққылармен қарсыласын канвасқа түсірді. Лима орнынан тұрғанымен көп ұзамай тағы да құлады.
Рефери жекпе-жекті жалғастыруға мүмкіндік берді. Бірақ бұрыштамада Эннис қайта шабуылға көшіп, қарсыласын соққы астында қалдырды. Осы сәтте төреші айқасты тоқтатып, африкалық боксшының бұрышы да ақ орамал тастады.
Нәтиже — Джарон Эннис техникалық нокаутпен (ТКО 1) жеңіске жетті.
Бұл жеңіс арқылы 27 жастағы америкалық боксшы өз рекордын 36 жеңіс, 0 жеңіліс деңгейіне жеткізді және WBA уақытша чемпионы атанды.
Ол дивизиондағы басты жұлдыздардың бірі екенін тағы да дәлелдеді.