Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Канелоны» таңғалдырған нокаутшы Қазақстан чемпионатында жұдырықтасады

Сарапшы, спорт журналисі

2025 жылғы Қазақстан чемпионаты Семейде ресми түрде басталды. Турнирге барлығы 371 боксшы тіркелген.

«Канелоны» таңғалдырған нокаутшы Қазақстан чемпионатында жұдырықтасады
caravan.kz

Әбілханның қайта оралуы

Олардың арасында ерекше назар аударатын есім —Әбілхан Аманқұл. Бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженов жазады.

Жамбыл облысының өкілі бұл жолы 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Ең қызығы Әбілхан ұзақ үзілістен кейін әуесқой боксқа қайта оралғанын мәлімдеді.

Әбілхан Аманқұл. ФОТО: olympic.kz

Аманқұлдың жетістіктері аз емес:

  • 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері,
  • Азия чемпионатының қола медаль иегері,
  • Токио Олимпиадасының қатысушысы.

Кейін ол кәсіпқой боксқа ауысып, 10 жекпе-жек өткізіп үлгерді. Бірнеше жылдық үзілістен кейін Әбілхан ел чемпионатында тағы да өз деңгейін дәлелдеуге бел буып отыр.

«Әбілхан Аманқұл рингке қайта оралады. Бұл оның жаңа кезеңінің бастауы болуы мүмкін. Сәттілік тілейміз!», – деп жазды журналист Аслан Қаженов Instagram парақшасында.

«Канелоның» командасындағы жаттығу және әйгілі нокаут

Айта кетсек, Әбілхан біраз уақыт Мексиканың аңызға айналған Сауль «Канело» Альварестің командасында жаттыққан. Интернетте тараған бір видеода Аманқұлдың спарринг кезінде қарсыласын бір соққымен нокаутқа түсірген сәті кеңінен талқыланған болатын.
Сол кезде «Канелоның» өзі де қазақстандықтың соққы қуатына таңданысын жасырмаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 5
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір