АҚШ-та Шавкат Рахмоновтың титулдық жекпе-жек күні жарияланды
Келесі жекпе-жегін Шавкат 2026 жылы өткізеді.
Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмонов ресейлік Ислам Махачев пен жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы австралиялық Джек Делла Маддалена арасындағы кездесу жеңімпімен титулдық жекпе-жек өткізуі мүмкін.
«Шавкат Рахмонов әлеуметтік желіде 2026 жылдың басында октагонға оралуды жоспарлап отырғанын айтты.
„Құдай қаласа, қаңтарда немесе ақпанда“, – деді ол. Үлкен ықтималдықпен ол Джек Делла Маддалена — Ислам Махачев жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі. Бұл кездесу UFC 324 турнирінде өтеді, онда сонымен қатар Илия Топурия мен Джастин Гэтжи де өнер көрсетеді.
Paramount арнасында өтетін алғашқы UFC 324 турнирі ауқымды шоу болмақ», — деп жазады америкалық Instagram-аккаунт Sparrwars.
Айта кетейік, Рахмонов UFC-дегі соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді жеңген болатын. Осыдан кейін қазақстандық спортшы денсаулық мәселелеріне байланысты октагонға шыққан жоқ.
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.