Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Бес баланың анасы ел чемпионатының финалына шықты

Сарапшы, спорт журналисі

Жамбыл облысының намысын қорғаған тәжірибелі боксшы Әйгерім Сәттібаева бокстан Қазақстан чемпионатының финалына жолдама алды.

Бес баланың анасы ел чемпионатының финалына шықты
offside.kz

«Бәрі еңбектің арқасы»

Әйгерім Сәттібаева жекпе-жектен кейін өз әсерімен бөлісіп, бұл жетістікке ұзақ жылдық еңбек пен табандылықтың арқасында жеткенін айтты.

«Еңбегім еш кеткен жоқ, ақыры финалға шықтым. Чемпионаттағы бәсекелестік өте жоғары, әсіресе 48 келі салмақ дәрежесінде. Бұл салмақта Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы атанған, сондықтан бәсеке әрқашан ауыр. Бірақ біз жеңіске ұмтыламыз және нәтижеге жетіп жатырмыз», — деді ол.

Әйгерім соңғы рет 2015 жылы Қызылордада өткен ел чемпионатында жеңіске жеткенін еске алды. Содан бері алғаш рет финалға шыққан спортшы енді алтын медаль үшін айқасқа түседі.

«Бәрін Аллаға тапсырдым. Ертең бәрі шешіледі. Қайтадан чемпион болсам, еңбегімнің жемісі сол болар еді», — деп түйіндеді ол.

Финалға жол

48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жамбылдық боксшы жартылай финалда қызылордалық Ақтуба Болатты жеңіп, кем дегенде күміс жүлдені қоржынға салды.

Әйгерім Сәттібаева — бес баланың анасы. Соған қарамастан, ол спорттық мансабын жалғастырып, жас боксшыларға үлгі болып жүр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір