Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Куат Хамитов (26-8-2) БАӘ-нің Дубайда өткен ACA 194 турнирінде сенсациялық жеңіске жетті.
Бұл жекпе-жекте қазақстандық файтер ресейлік Анатолий Бойкомен (12-4) күш сынасты. Жартылай орта салмақтағы кездесу үш раундқа жоспарланған еді және Хамитовтың айқын жеңісімен аяқталды. Төрешілердің шешімі бірауыздан қазақстандықтың пайдасына шықты.
Айта кетейік, бұл жекпе-жектің алдында сарапшылар мен жанкүйерлер Бойконы айқын фаворит деп санаған. Бірақ Қуат өз тәжірибесін көрсетіп, қарсыласын тактикалық тұрғыда басым түсті.
Осылайша Қуат Хамитов өзінің кәсіби мансабындағы 27-жеңісіне жетті. Ал Анатолий Бойко төртінші рет жеңіліс тапты.
Еске салайық, Хамитов ММА ережелері бойынша соңғы рет 2024 жылдың мамырында жұдырықтасқан. Сол кезде аты аңызға айналған ресейлік Александр Шлеменкодан (68-17-1) төрешілер шешімімен ұтылған еді.