Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстандық таэквондошы әлем чемпионатында тарихи медаль иемденді

Сарапшы, спорт журналисі

Нодира Ахмедова Қытайдың Уси қаласындағы әлемдік додада ел намысын абыроймен қорғап, қола медаль жеңіп алды. Бұл — Қазақстан әйелдер құрамасы үшін 18 жылдан кейін келген тарихи жетістік.

Қазақстандық таэквондошы әлем чемпионатында тарихи медаль иемденді
instagram/@qaz_team_official

Ахмедова 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Ол жарысты жартылай финал кезеңінде аяқтап, үздік үш спортшының қатарына енді. Нодирс жартылай финалда қытайлық Тайпей өкілі Ю Юн Люге жол беріп, қола жүлдемен тоқтады.

Қазақстандық спортшы чемпионат барысында төрт кездесу өткізіп, оның үшеуінде жеңіске жетті. Екінші айналымнан бастап бақ сынаған Нодира Бразилия, Канада және Таиланд спортшыларын сенімді түрде ұтты.

Нодира Ахмедова. ФОТО: Спортты дамыту дирекциясы

Айта кету керек, бұл медаль — Ахмедованың кәсіби мансабындағы ең ірі жетістігі. Сонымен қатар Қазақстан әйелдер таэквондосы үшін 2007 жылдан кейінгі алғашқы әлемдік жүлде. Сол жылы Бейжіңде өткен чемпионатта қазақстандық спортшы әйелдер командасына қола медаль сыйлаған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір