Қазақстандық ММА шебері Азат Мақсұм (15-2) Абу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC 321 турнирінде өнер көрсетті.
Қазақ файтері АҚШ өкілі Митч Рапосо (9-3) қарсыласымен ең жеңіл салмақта үш раундтық кездесу өткізді. Көпшілік күткендей Мақсұм емес америкалық спортшы сенсация жасап, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.
Бұл жекпе-жекте Мақсұм айқын фаворит саналған еді. Бірақ айқас соңында Митч Рапосо кәсіби мансабындағы оныншы жеңісін тіркеді. Ал Азат Мақсұм үшін бұл – үшінші жеңіліс.
Айта кетсек, бұл Мақсұмның UFC-дегі төртінші жекпе-жегі болды. Осылайша оның ұйымдағы көрсеткіші 1 жеңіс және 3 жеңіліс болып жаңарды. Ал қарсыласы Рапосо үшін бұл UFC-дегі үшінші айқас, енді оның рекорды 1-2 болып тұр.