Ризабек Айтмұханның жартылай финалдағы қарсыласы — Бахрейн атынан өнер көрсететін Олимпиада чемпионы Ахмед Тажудинов болды.
Эр-Риядтағы Исламиада-2025 ойындарының жартылай финалында Қазақстан балуаны Ризабек Айтмұхан Олимпиада чемпионы Ахмед Тажудиновты 15:3 есебімен жеңіп, турнирдің басты сенсациясын жасады.
Айтмұхан бұған дейін Тажудиновқа екі рет қатарынан жеңілген. Сондықтан бәс тіккен сарапшылардың басым бөлігі фаворит ретінде дәл осы қарсыласты атаған болатын. Алайда кілем үстінде бәрі басқаша болды. Ризабек қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 15:3 есебімен ірі жеңіске жетті.
Енді қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан Исламиада чемпионы атағы үшін әлемдік деңгейдегі ирандық балуан Амирали Азарпирамен күреседі.
Азарпира — Иран күрес мектебінің ең жарқын өкілдерінің бірі, әлемдік рейтингте жоғары тұрған, тәжірибесі мол қарсылас.
Айта кетейік, бұған дейін Ризабек әзірбайжандық Магомедхан Магомедовты ойсырата жеңді.