Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы айтылды

Сарапшы, спорт журналисі

ММА файтерінің айтуынша, ол Карлос Пратес те, Майкл Моралес те емес. 

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы айтылды
Forbes.kz

Қазақстандық ММА шебері Фаниль Рафиков UFC-де Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы Иэн Гэрри болуы тиіс екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, дәл осы реванш чемпиондық белбеуге басты үміткерді нақты анықтайды.

Қазір Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы ретінде Карлос Пратес немесе Майкл Моралес аталып жүр. Алайда Шавкаттың жақын досы әрі ММА спортшысы Фаниль Рафиков мүлде басқа пікірде.

“Иә, Пратес пен Моралес туралы ақпараттар жиі шығып жатыр. Бірақ, менің ойымша, Шавкат үшін ең өзекті қарсылас — Иэн Гэрри. Ол рейтингте екінші орында тұр. Гэрримен реванш дәл қазір өте орынды. Бұл жекпе-жек чемпиондық жекпе-жекке нақты үміткерді анықтайды. Гэрри — Шавкат үшін ең дұрыс нұсқа”, — деді Рафиков Betonmobile порталына берген сұхбатында.

27 жастағы Иэн Гэрри қазіргі таңда жартылай орта салмақтағы рейтингте екінші орында. Биыл ол екі маңызды жеңіске ие болды:

  • Карлос Пратесті ұтты
  • Бұрынғы титулға үміткер Белал Мухаммедті жеңді

Алғашқы айқас қалай өткен еді?

Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри 2024 жылдың 8 желтоқсанында UFC 310 турнирінде алғаш рет жолықты. Сол кезде Шавкат Рахмонов қарсыласын 48:47 есебімен жеңген болатын. 

  • Бұл Шавкаттың карьерасындағы 19-жеңісі және UFC-дегі 7-жеңісі болды.
  • Гэрри осы жекпе-жекте карьерасындағы алғашқы жеңілісті тіркеді.
  • Бұл Шавкаттың UFC-дегі судья шешіміне дейін жеткен алғашқы жекпе-жегі, яғни ирландиялықтың қарсыласу деңгейі өте жоғары болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір