Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қанша "алтын" бұйырады? Бүгін бокстан ӘЧ басталады

Сарапшы, спорт журналисі

Дубайда өтетін дүбірлі додада әлемнің 95 елінен келген боксшы бақ сынайды. 

Қанша "алтын" бұйырады? Бүгін бокстан ӘЧ басталады
sportilinet.kz

Бүгін Дубайда бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты ресми түрде басталды. Әлемнің 95 елінен мықты былғары қолғап шеберлері жиналған додада Қазақстан атынан 13 салмақта – 13 боксшы өнер көрсетеді.

Ел намысын қорғайтын спортшылардың арасында Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Абылайхан Жүсіпов сынды халықаралық аренаның жұлдыздары бар.

Құрама жаттықтырушыларының айтуынша, команда бабында, мақсат – алтыннан алқа тағу.

Бір айта кетерлігі, чемпионаттың жүлде қоры рекордтық деңгейде. 

  • Чемпиондарға – 300 000 доллар,
  • Күміс жүлдегерлерге – 150 000 доллар,
  • Қола медаль иелеріне – 75 000 доллар,
  • Ширек финалға шыққан боксшыларға – 10 000 доллар беріледі.

Мұндай сыйақы мөлшері әлемнің түкпір-түкпірінен ең мықты боксшылардың келуіне ықпал еткені сөзсіз.

Бокс сарапшысы Жандос Айтбайұлы да бұл турнирдің деңгейі өте жоғары екенін атап өтті:

«Бұл жерде ресейлік, өзбекстандық боксшылар бар. Кіл мықтыларын алып келген. Тіпті Олимпиада чемпиондары бар. Енді мынадай қомақты қаржы болғаннан кейін ешкіи IBA-ға шекеден қарап жатқан жоқ. Сондықтан 2 алтын алып жатсақ, үлкен жетістік. Қоласы, күмісі тағы бар. Алтын көп болып жатса, біздер үшін де керемет. Жанкүйерлердің күтіп отырғаны сол. Жігіттер аянып қалмасы анық.», – деді сарапшы.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір