Теренс Кроуфорд ресми түрде абсолютті әлем чемпионы атағынан айырылды

Сарапшы, спорт журналисі

Америкалық боксшы Теренс Кроуфорд енді екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы емес.

Теренс Кроуфорд ресми түрде абсолютті әлем чемпионы атағынан айырылды
Фото: спортшының әлеуметтік желісінен

3 желтоқсанда Кроуфорд чемпиондық жарнаны төлемегені үшін WBC нұсқасы бойынша атағынан айырылды. Бұл шешім Бангкокта өткен WBC конвенциясында қабылданды.

Осылайша, екінші орта салмақтағы WBC әлем чемпионы атағы ресми түрде ваканттық деп жарияланды. Әлемдік бокс кеңесі бұл белдік үшін енді британдық Хамза Шираз бен француз Кристиан Мбилли жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді.

Еске салайық, Теренс Кроуфорд барлық чемпиондық белдіктерді қыркүйек айында мексикалық Сауль «Канело» Альварестен төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп алған болатын.

Белбеуінен айырылған тек Кроуфорд емес. Естеріңізге салсақ, Жәнібек Әлімханұлы үш белбеуді біріктіру жекпе-жегіне допинг пайдаланғаны үшін шеттетілді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір