Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Жәнібек Әлімханұлын алмастырған боксшы алғаш рет үн қатты

Сарапшы, спорт журналисі

Венесуэлалық нокаутшы Хоан Гонсалес (36-4, 34 КО) орта салмақта WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін кубалық Эрисланди Лараға (31-3-3, 19 КО) қарсы өтетін жекпе-жек алдында алғаш рет пікір білдірді. Бұған дейін бұл белбеуге Жәнібек Әлімханұлы таласуы тиіс еді. Алайда қазақстандық боксшының допинг-тесті оң нәтиже көрсеткеннен кейін айқас кейінге қалдырылды.

Жәнібек Әлімханұлын алмастырған боксшы алғаш рет үн қатты
proboxtv.com

«Бұл мүмкіндікке лайық екенімді дәлелдеймін»

Гонсалес алдағы титулдық жекпе-жек өз мансабында ерекше орын алатынын айтып, Лараны сенсациямен тоқтатуға уәде берді.

Венесуэлалық боксшының сөзінше, ол Джарретт Хёрдпен өткен кездегідей тағы да барын салып дайындалып жатыр:

«Маған берілген бұл мүмкіндікке өте қуаныштымын. Рингке шығуымның басты себебі — жеңіске жету. Әлемді таңғалдыру үшін келемін.

Джарретт Хёрдке қарсы айқас алдында күні-түні жаттығып, тәртіпті болдым, соның арқасында жеңіске жеттім. Ендігі жекпе-жек те одан еш кем емес. Негізгі боксшылық дағдыларым мен ең үздік болуға деген ашқойлығым бәрін шешеді. Көрерменге нағыз шоу ұсынамын, ешкімді жерге қаратпаймын. Сенбі күні өзімді жаңа қырынан әлем чемпионы ретінде сезінетін боламын», — деді Гонсалес.

Жәнібекпен жекпе-жек неге болмады?

Бұған дейін Эрисланди Лараның қарсыласы болып қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) жарияланған еді. Екі әлем чемпионы арасындағы біріктіру жекпе-жегі бокс жанкүйерлері арасында үлкен қызығушылық тудырған.

Бірақ айқас алдында Жәнібектен алынған допинг-тест оң нәтиже көрсетіп, соның салдарынан жекпе-жек ресми түрде тоқтатылды. Осыдан кейін WBA титулы үшін Лараға қарсы жаңа қарсылас ретінде Хоан Гонсалес бекітілді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір