Ерасыл Жақпеков үш нокдаунмен нокаут жасады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық атақты боксшы Ерасыл Жақпеков Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) аясындағы әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін ерте аяқтап, нокаутпен жеңіске жетті. 

Ерасыл Жақпеков үш нокдаунмен нокаут жасады
instagram/@zhakpekov.jr

Бірінші жекпе-жек: үш нокдаун, бір нокаут

80 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Жақпеков 1/16 финалда Буркина-Фасо боксшысы Эбенезер Тене Гесвенде Зугранамен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек бірінші раундтан әрі аспады. Қазақстандық боксшы қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді. Рефери үшінші нокдауннан кейін жекпе-жекті тоқтатты. Нәтижесінде Ерасыл Жақпековке ерте жеңіс – нокаут тіркелді.

Осылайша қазақ боксшысы турнирді сенімді жеңіспен бастап, келесі кезеңге жолдама алды, ал Зуграна әлем чемпионатындағы жорығын дәл осы сатыда аяқтады.

Ерасыл Жақпеков: Азия чемпионынан әлемдік аренаға

Ерасыл Жақпеков – жас болса да, жүлдесіз жүрмеген боксшы:

  • 2024 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы;
  • 2025 жылғы Қазақстан чемпионы;

IBА мойындаған әлем чемпионатындағы алғашқы айқастағы мұндай басымдық оның осы салмақтағы басты фавориттердің бірі екенін көрсетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір