Таиланд астанасы Бангкокта өткен кәсіби бокс кешінде қазақстандық боксшы, «Қазақ Титаны» лақап атымен танымал Алмат Жұманов (7-1, 4 КО) рингке көтерілді.
Оның қарсыласы жергілікті боксшы Джирасака Крансакун (3-7, 3 КО) болды. Жекпе-жек жоспар бойынша бірнеше раундқа созылады деп күтілгенімен қазақ боксшысы бұл кешті ерте аяқтады.
Раундтың соңғы минутында Алмат Жұманов қарсыласының бауырына қатты дәл соққы бағыттап, ауыр нокаутқа түсірді. Рефери санағанымен Крансакун орнынан тұра алмады. Осылайша қазақстандық боксшыға ерте жеңіс тіркелді.
Бұл жеңіс арқылы Алмат Жұманов кәсіби рингтегі 8-жеңісіне (ресми рекорд: 8-1, 4 КО) жетті. Ал Джирасака Крансакун 8-ші рет жеңіліс тапты.
Айта кетейік, Алмат бұған дейінгі жекпе-жегін де Таиландта өткізген. Шамамен бір ай бұрын ол тағы бір жергілікті боксшы — Саксит Киджнукорнды (1-4, 1 КО) да бірінші раундта нокаутқа жіберген еді.