Қазақстан құрамасының боксшысы Сабыржан Аққалықов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан IBA ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатында өз жорығын сәтті бастады.
Орта салмақта (–75 кг) өнер көрсететін қазақстандық боксшы турнирдегі алғашқы айқасын 1/32 финалда өткізді. Оның қарсыласы Сейшел аралдарының өкілі Джошуа Аарон Кузен болды.
Жекпе-жек басталған сәттен-ақ Сабыржан Аққалықов басымдықты өз қолына алды.
1-раундта рефери Джошуа Аарон Кузенге нокдаун санады – қазақстандық боксшының дәл әрі жойқын соққылары қарсыласын теңселтіп жіберді.
2-раундта Аққалықов шабуылын үдете түсіп, тағы да қуатты соққылар сериясын дарытты. Ақыры қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді.
Рефери жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша қазақстандық боксшы алғашқы кездесуін сенімді жеңіспен аяқтап, турнирдегі нокауттардың бірін тіркеді.
Бұл жеңістің арқасында Сабыржан Аққалықов 1/16 финалға жолдама алды және Дубайдағы әлем біріншілігінде медаль үшін күресін жалғастырады.
Әуесқой бокстағы жетістіктеріне тоқталсақ, Сабыржан Аққалықов: