Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

IBA ӘЧ: Қазақ боксшылары сегізінші жеңісін тіркеді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан құрамасының мүшесі Серік Теміржанов Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған әлем чемпионатында моңғол боксшысына еш мүмкіндік берген жоқ. 

IBA ӘЧ: Қазақ боксшылары сегізінші жеңісін тіркеді
olympic.kz

Азия чемпионын 5:0 есебімен ұтты

Теміржанов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/16 финалда моңғол боксшысы, екі дүркін Азия чемпионы  Цэндбаатар Эрдэнэбатпен кездескен.

Жекпе-жек толық қашықтыққа созылғанымен қазылардың шешімі бір ауыздан болды. Осылайша Серік айқас барысында тактика, жылдамдық және дәлдікте қарсыласынан бір бас жоғары екенін дәлелдеді.-

Қазақстанның жеңісті сериясы

Бұл жеңіс Қазақстан құрамасы үшін ерекше маңызға ие. Себебі қазақстандық боксшылар ӘЧ-2025 турнирінде қатарынан сегізінші рет жеңіске жетті.

Бұған дейін өз жекпе-жектерінде келесі боксшылар да жеңіске жеткен еді:

  • Даниял Сәбит — 51 кг
  • Сәкен Бибосынов — 54 кг
  • Санатәлі Төлтаев — 67 кг
  • Сабыржан Аққалықов — 75 кг
  • Ерасыл Жақпеков — 80 кг
  • Дәулет Төлемісов — 86 кг
  • Нурмагамед Юсупов — 92 кг

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір