Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Қара бала, таяқ жейсің": Шавкат Рахмонов Баклиге үн қатты

Сарапшы, спорт журналисі

Естеріңізге салсақ, Хоакин Бакли провокациялық түрде Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырған еді.

"Қара бала, таяқ жейсің": Шавкат Рахмонов Баклиге үн қатты
Коллаж

Жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінің үшінші нөмірі Шавкат Рахмонов американдық Хоакин Баклидің әлеуметтік желіде жасаған провокациялық шақыруына жауап берді.

Instagram-дағы жазбасында Хоакин Шавкатты «Өзбекстанда тығылуды тоқтатып», жекпе-жекке келісімшартқа қол қоюға шақырған. Сонымен қатар ол қазақстандық файтердің мекеніне қатысты бірнеше қорлайтын сөз айтқан.

Рахмонов өзі Баклидің посты астындағы пікірге жазба қалдырды:

«Қара бала, таяқ жейсің», — деп жазды «Номад».

Айта кетейік, Хоакин Бакли өзінің соңғы кездесуінде 2025 жылдың маусымында Камару Усманнан төрешілердің бірауызды шешімімен жеңілген. Ал Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында ирландиялық файтер Иэн Гэрриді дәл осындай бірауызды шешіммен жеңген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 3
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір