Дубайда (БАӘ) IBA ұйымының қолдауымен бокстан әлем чемпионаты жалғасуда. 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Ертуған Зейнуллинов Израиль өкілі Ахмад Шитвиге қарсы жұдырықтасты.
Жекпе-жектің алғашқы секундтарынан-ақ Зейнуллинов айқастың тізгінін толық қолға алды. Қазақстандық былғары қолғап шебері әр раундта қарсыласынан белсендірек қимылдап, дәлірек соққылар жасады. Жылдам әрекет етіп, кездесудің жалпы барысын толық бақылауда ұстады. Нәтижесінде қарсыласына камбэк жасауға мүмкіндік бермеді.
Есеп 5:0 — төрешілер бірауыздан жеңісті Қазақстан боксшысына берді
Осы жеңістің арқасында Ертуған Зейнуллинов 1/2 финалға шықты және әлем чемпионатының жүлдесін (кемінде қола медаль) мерзімінен бұрын кепілдендірді.