Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

IBF Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты шешім қабылдады

Сарапшы, спорт журналисі

Естеріңізге салсақ, қазақстандық боксшы IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы.

IBF Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты шешім қабылдады
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Getty Images

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы допинг-тесттің оң нәтижесіне қарамастан, әзірге IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы болып қала береді.

IBF жаңартылған рейтингінде Әлімханұлының мәртебесі өзгерген жоқ — ол әлі де чемпион ретінде көрсетілген. Еске сала кетейік, 7 желтоқсанда Жәнібек WBA тұжырымының чемпионы Эрисланди Ларамен біріктіру жекпе-жегін өткізуі керек еді, алайда жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда оның допинг сынамасынан мельдоний табылғаны белгілі болды. Нәтижесінде Ларамен болатын айқас тоқтатылды, ал допингке қатысты жағдай әлі де тексеріліп жатыр.

IBF рейтингіндегі тағы бір қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек екінші жартылай жеңіл салмақта үшінші орында қалды. Рейтингтің алғашқы екі сатысы әлі бос, ал бұл салмақтағы IBF әлем чемпионы — мексикалық Эдуардо Нуньес.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір